Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы ұйымның жұмысын жандандыра алады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы ұйымның жұмысын жандандыра алады

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы ұйымның жұмысын жандандыра алады

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы ұйымның жұмысын жандандыра алады. Бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық медиа-форумда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Біздің көзқарастарымыз бен бастамашылдығымыз осы ұйымның іс-қызметін бірқатар келешегі бар бағыттар бойынша жандандыра түсуге түрткі болар еді. Атап айтсақ, біздің өңірді танып білу, бір мемлекет пен бір қоғамдағы түрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүруі мен төзімділігі тәжірибесін зерттеу бағыттары»,- деп мәлімдеді президент.

Н.Назарбаев Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы секілді беделді ұйымға төрағалық жасау туралы өтініш жасағанын тағы бір еске сала кетті. «Мұндай өтініш алғаш рет бұрынғы КСРО республикасынан түсіп отыр. Бұл — басым көпшілігі Азияда орналасқан барлық ТМД елдерінің ұсынысы, ауқымды Орталық Азия аймағының өкілі әрі энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ролі арта түскен ел -Қазақстанның ұсынысы»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті