Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер командасы үшінші жеңіске қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер командасы үшінші жеңіске қол жеткізді

Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер командасы үшінші жеңіске қол жеткізді

Қазақстанның хокейден 18 жасқа дейінгі құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында австриялықтарды 5:1 есебімен ойсыра ұтты.

  • 18 Сәуiр 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Бірінші кезеңде Австрия қақпасына шайбаны Сергей Стукалов бағыттады. Екінші кезеңнің басында Доминик Цвергер есепті теңестіргенімен, Никита Михайлис қазақстандықтарды артынша тағы бір қадам алға шығарды — 2:1. Үшінші жиырмасыншы минутта Семен Кошелев, Кирилл Савицкий мен екінші шайбаның авторы атанған Никита Михайлис ерекшеленді.

Бүгін қазақстандықтар Польша құрамасына қарсы ойнайтын болады, матчтың басталуы 24:00-де.