«Елбасының тапсырмасына сәйкес Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізды дамытудың, бес халықаралық және он екі аймақтық транспорттық-логистикалық орталық құрудың кешенді техникалық-экономикалық негізі әзірленді»,- деді С. Ахметов.
«Жобаның құны — 900 млрд теңге немесе 7 млрд АҚШ доллары көлемінде»,- деп қосты министр.
С. Ахметов сондай-ақ, «жобаны қаржылай қамтамасыз ету мақсатында концессияның кеңінен қолданылатын механизмдерінен мемлекеттік-жеке серіктестік, сонымен қатар халықаралық қаржы институттарын ынтымақтастыққа тарту жоспарлануда», деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті