Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің авиапаркін кезең кезеңмен қайта жабдықтамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің авиапаркін кезең кезеңмен қайта жабдықтамақ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің авиапаркін кезең кезеңмен қайта жабдықтамақ

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің авиапаркін кезең кезеңмен қайта жабдықтамақ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі төтеше жағдайлар министрі Владимир Божконың кеше таратқан баяндамасына сілтеме жасай отырып.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Алға қойылған міндеттерге байланысты 1,5 — 2 сағат ішінде төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларын мемлекеттің кез-келген жеріне жеткізу мүмкіндігіне ие болу мақсатында және табиғат өрттері мен биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру мақсатында министрліктің авиациясын кезең-кезеңмен Ми-171, Ка-226 апаттан құтқару тікұшақтарымен, төтенше жағдайлардың Бе-200 ұшақтарымен және Ан-74ТК-200 транспорттық ұшақтарымен жабдықтау жолымен дамытуды жоспарлауда»,- деп айтылған баяндама мәтінінде.

Сонымен қатар, баяндама мәліметтеріне сүйенсек, «қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық паркі ресурстары алдағы 2 — 3 жылда бітетін екі ұшақтан және төрт тікұшақтан (1975 — 1978 жылдары шығарылған), 2006 жылы шығарылған бір Ми-171 тікұшағынан тұрады (тағы бір Ми-171 тікұшағын осы жылы сатып аламыз)».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті