Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды

Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды

Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол жабылды, деп хабарлады «Қазақавтожол».

  • 5 Қаңтар 2016
  • 444
Фото - Caravan.kz

Сонымен, Ақтөбе облысында 4 қаңтарда боран салдарынан сағат 17:45-тен бастап «Қандыаағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92-257 шақырым, Ембі қаласы — Шалқар қаласы учаскесі, 92-257 шақырым) автожолы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.

Қызылорда облысында 3 қаңтардан бастап сағат 21:35-те ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» (12-216 шақырым, Қызылорда қаоласы-Қарағанды облысы учаскесі, 12-216 шақырым) жолы жабық күйінде қалады. Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.

Қарағанды облысында жауын жауып, жолды балшық басқандықтан «Қызылорда-Павлодар»  (216-424 шақырым, Қызылорда облысы — Жезқазған қаласы шекарасы) жол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.