«Қазғарыш» агенттігі жер сілкінісін болжауға болатын ғарыш жүйесін жасауда
![]() |
«Қазғарыш» агенттігі британдық SSTL компаниясымен бірлесіп, жер сілкінісін болжауға болатын ғарыш жүйесін жасауда. |
Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлім етті.
«Қазіргі уақытта «Қазғарыш» британдық SSTL компаниясымен бірлесіп, құрамына екі ғарыш аппараты кіретін ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін жасақтауда. Технологиялық аппаратта қазақстандық жасақтаулар, ноу-хаулар енгізіледі. Осылайша біз өзіміздің ғарыш аппараттарымызды құрастыру платформасына ие боламыз. Ғылыми аппарат болса, жер сілкінісін болжауға арналған», - деп атап өтті ол «Қазақстанның ғарыш күндері-2015» халықаралық семинарында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін