Қазгидромет: Жексенбіде республиканың барлық аумағында ауа температурасы аздап төмендейді
«Қазгидромет» РМК-нің берген мәліметінше, ертең республиканың барлық аумағында ауа температурасының аздаған төмендеуі болады. |
Батыс Қазақстан облысында ауа бағамы 1-3 градус жылылықты көрсетеді. Атырау және Маңғыстау облыстарында күн 5-7 градус жылы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысында ауа температурасы минус 1 градустан плюс 1 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында - 0 +2 градус, Павлодар, Қарағанды облыстарында - 0 -2 градус болады, жаңбыр жауады.
Алматы облысында плюс 8-10 градус, Шығыс Қазақстан облысында плюс 3 -5 градус жылы болады, күн - құбылмалы.
Қызылорда облысында - +12+14, Жамбыл облысында +17+19, Оңтүстік Қазақстан облысында - +18+20 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде күн құбылып, жаңбыр жауады.
Алматыда күн +11+13 градус, Астанада -1 +1 градус жылы болады, күн - құбылмалы.
Бүгін таңертең Астанада температура бағамы -2 градусты көрсетті. Түске қарай ол +1+3 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін