Қажылық парызы кезінде қайтыс болған ұстаз Меккеде жерленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылық парызы кезінде қайтыс болған ұстаз Меккеде жерленбек

Қажылық парызы кезінде қайтыс болған ұстаз Меккеде жерленбек

Меккеде қажылық парызын өтеген тағы бір отандасымыз қайтыс болды. Бес күн бұрын 78 жастағы зейнеткер жүрек талмасынан көз жұмған. Енді 64 жастағы елордалық Нұрсұлтан Алпысбаевтың да жүрегі ұстап қалғаны белгілі болып отыр.

  • 1 Қазан 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Алпысбаевтың бұл екінші қажылығы екен. Мұсылмандық парызын өтеген қандасымыз барлық құжат рәсімдеулерінен де өтіп, елге ұшуы ғана қалыпты. Алайда қалың топтың арасынан адасып қалып қойған. Артынан марқұмның денесі жергілікті мәйітханадан табылған. Саналы ғұмырын ұстаздық жолына арнаған Нұрсұлтан Серікұлы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушысы болып қызмет атқарған екен. Қазір оқу орнындағы әріптестері аза тұтып жатыр. Ал туыстары марқұмның денесін Меккеге жерлеу үшін Сауд Арабиясына аттанбақ.