Жарияланды: 540

Қажылыққа қанша қазақстандық аттанды?

Қажылыққа қанша қазақстандық аттанды?

Мұсылманның бес парызының бірін орындауға ниет еткен

5 мың қазақстандық өткен сенбіде қажылыққа аттанды. Шығарып салу рәсіміне Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Ержан Малғажыұлы мен Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі Горм Саид Малхан қатысты. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қажылардың алғашқы легі аттанып кетті. Қалған топ Меккеге келісілген уақыт кестесі бойынша жетеді.

Айта кетейік, биыл ҚМДБ атқарған жұмыстарының арқасында қажылыққа атанушылардың жағдайы біршама жақсарып, ұшу уақытына қатысты ыңғайсыз көптеген мәселелер шешімін тапты.

Алматыдан Меккеге тікелей рейс ашылды. Сауд Арабиясының «Флайнас» әуе компаниясы Алматыдан Мекке мен Жиддаға қатынайды. Бұған дейін отандастарымыз Түркия, Біріккен Араб әмірліктері арқылы 24 сағатта жететін еді.

Соған байланысты қазақстандық қажылар бұрын халқаралық әуежайларда 16 сағатын сарылып келесі рейсті күтумен өткізетін болса, қазір осы олқылық жойылды.

Биыл қасиетті сапар 7 қазанға дейін жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін