Қазіргісі ештеңе емес: Алматыға аптап ыстық келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргісі ештеңе емес: Алматыға аптап ыстық келе жатыр

Қазіргісі ештеңе емес: Алматыға аптап ыстық келе жатыр

Қазіргісі ештеңе емес, Алматыға аптап ыстық келе жатыр.

  • 7 Шiлде 2021
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақын күндері шаһардағы термометр бағаны 38 градусқа жетеді. Осыған орай дәрігерлер мен құтқарушылар салқындап алудың амалын қарастырып жүргендерді абай болуға шақыруда. Өйткені, денсаулығында кінәраты бар азаматтарға мұндай күнде ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Жүрегі нашарлар үшін де алдағы ыстық оңайға соқпайын деп тұр. Бұдан бөлек, судың тілсіз жау екендігін де естен шығармаған абзал. Өйткені, шомылу маусымы басталғаннан бері талай адам суға кеткен. 

РУСЛАН ҚАСЕНОВ, АЛМАЛЫ АУДАНЫ ТӨТГНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: "Соңғы аптада ауа-райының күрт ысуына байланысты демалыс аймағына келетін адамдардың қарасы көбейе түсті. Тіпті, ішімдік ішіп, рұқсат етілмеген жерлерге де суға түсуге тырысатындар табылып жатады. Біз олардың барлығына дереу арада айыппұл саламыз".


Төтеншеліктер дабыл қағып жатқанымен, аптап ыстықта жанына сая іздеген жұрт қала сыртындағы өзен-көлдер мен демалыс орындарына ағылуда. Әсіресе, Қапшағайды бетке алғандардың қарасы қалың. Тас жолда ұзын-сонар кептеліс.

Соңғы жаңалықтар