ҚазМұнайГаз мұнай бағасының өсуін болжауда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз мұнай бағасының өсуін болжауда

ҚазМұнайГаз мұнай бағасының өсуін болжауда

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ компаниясының Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өндіру жұмыстары қымбаттап жатқандықтан мұнай бағасының жоғарылауы ықтимал екендігін мәлім етті.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Арзан мұнай дәуірі өтіп кеткендігі түсінікті, шығын деңгейі бір күні бағаның өсуіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұнай бағасы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдікке келі барысында әлі жоғарылайтыны анық. Бірақ ол қашан келетіні басқа мәселе, біздіңше, төмен бағалар жағдайынан тез шыға қоюымыз жақын арада болмайды. Осы болжамдарды негізге ала отырып, біз өзіміздің ортамерзімді жоспарларымызды, инвестициялық бағдарламамызды жасаудамыз», — деді ол бүгін KAZENERGY Еуразиялық форумында.

Оның хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» биыл инвестициялар көлемін 130 млрд. теңгеге қысқартты.


«Біз үшін бұл — өте үлкен сома. Әзірге біз өндіру көлемін азайтқан жоқпыз. Біз оған қалай қол жеткізе алдық, алдымен шығындарымызды тиімді басқаруды оңтайландырғанымыз түсінікті, соған қарамастан, тиімділігімізді, ұзақмерзімді жоспарларымызды да сақтап қалдық. Бұл біздің қолымыздан келді», — деп атап өтті С.Мыңбаев.