Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді, — делінген хабарламада.
"Қазпошта" АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады.