Ертеңгі күніне алаңдаған жұрттың қолдарында мынадай бір парақ хаттама бар. Онда алдағы қарашаның 1-інен бастап «Қазпоштаның» Ақмола облыстық филиалы жұмысын тоқтатсын деген шешім жазылған. Қаннен қаперсіз отырған қызметкерлер аяқ астынан естіген жағдайға сенер-сенбесін білмейді.
Жанат Балтабаев, «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы:
— Осы протоколды жіберген. Өздері шешкен. Бірінші пунктта ликвидация деп жазылып тұр. Бізбен ақылдаспай шешіп жатыр. Облыстық организацияны жабайын деп жатқаны соған біз қорқынышымызды білдіреміз.
Жайсыз жаңалықты естіген қызметкерлер жұмыстан береке кетті дейді. Қазір олар жұртты жаппай баспасөзге жаздыртумен айналысуы керек болатын.
Светлана Голоборщева, «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалының бөлім бастығы:
— Баспасөз науқаны басталды. Әлі күнге дейін бір де бір келісім шарт жасалған жоқ. Өйткені біз енді кім келісім жасайтынын, жалпы жұмыс істейтін-істемейтінімізді білмейміз? Редакциялар алаңдап отыр. Уақыт өтіп барады.
Осылай әрі-сәрі күйдегі жұмысшылар «Қазпоштаның» басқармасына, облыс әкіміне хат жолдаған. Жағдайды түсіндіруге акционерлік қоғам басшысының орыбасары жетті.
Азат Машабаев, «Қазпошта»АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:
— Біз тек қана басшыларды қысқартамыз. Мұнда енді директор, орынбасарлары, есепшілер мен олардың орынбасарлары,тіпті бөлім басшылары деген болмайды. Енді тікелей Астана поштасымен жұмыс істейсіздер. Сөйтіп, жұмысты оңтайландыруға көшеміз.
Басқарма басшыларының түсіндіруінше, Ақмола облыстық бөлімшесі жаңа жоба бойынша трансформацияға ұшырамақ. Яғни жұмысты жетілдіру мен оңтайландыруды Ақмола облысынан бастамақ.
— Не знаю почему Ваш регион?- Как, как не знаете? Вы же хотите анализ делать?
Басшылықтың түсіндіруінше, 100 жұмыс орны қысқарып, соның есебінен 5 пайыз жалақы өседі. Алайда, 3 мың теңге жалақы алатын ауыл пошташысы бұл айырмашылықты әсте, сезбейтін сыңайлы.