Қазтрансгаз құны $ 270 млн. болатын еурооблигацияларды мерзімінен бұрын сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазтрансгаз құны $ 270 млн. болатын еурооблигацияларды мерзімінен бұрын сатып алды

Қазтрансгаз құны $ 270 млн. болатын еурооблигацияларды мерзімінен бұрын сатып алды

«ҚазТрансГаз» АҚ халықаралық капитал нарығындағы 2007 жылы шығарылған, 2017 жылға дейін айналымда болатын облигацияларын ішінара қайта сатып алу жөніндегі мәмілені табысты аяқтады.

  • 26 Қараша 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Жалпы номиналды көлемі 270 000 000 (екі жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына тең құнды қағаздарды сатып алу еурооблигацияларды ұстаушыларға жариялы ұсыныс жіберу (Сash only tender offer) арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

«Ситигруп Глобал Маркетс Лимитед» (Citigroup Global Markets Limited), «Ай-Эн-Джи Банк Н.В., Лондонский филиал» (ING BankN.V., London Branch) және «Натиксис Секьюритез Америкас ЛЛС» (Natixis Securities Americas LLC) компаниялары облигацияларды сатып алу жөніндегі дилер-менеджерлер болып табылады.

Мәмілелерді табысты аяқтау компанияға өз борыштық міндеттемелерін оңтайландыруға, валюталық тәуекелдерді азайтуға және борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төмендетуге мүмкіндік берді. Еврооблигацияларды ішінара мерзімінен бұрын сатып алу компанияның қаржылық тұрақтылығы мен жүргізіліп жатқан өтімділікті басқару саясатының тиімділігін растайды. Осы шараны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі шамамен 3 млрд. теңгені құрады.

«ҚазТрансГаз» АҚ облигациялардың қалған бөлігін сатып алуды жақын арада жүзеге асыруды жоспарлап отыр.


"ҚазТрансГаз" АҚ — газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын және газ өнімдерін қайта өңдеумен, сатумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Соңғы жаңалықтар