ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Витязь - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Витязь

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Витязь

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Витязь» (Подольск) командасын қабылдайды.

  • 8 Қазан 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz

Айта кеткен жөн, «Витязь» осы уақытқа дейін он үш ойын өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен. Қазір оның үлесінде 16 ұпай бар. Лиганың жалпы турнирлік кестесінде Подольск қаласының құрамасы 18-ші орында тұр.

Ал «Барыс» бүгінгі қарсыласына қарағанда, екі матчқа кем ойнаған. Дегенмен, он бір ойында ол екі-ақ рет ұтылды. Астаналық клуб 27 ұпаймен жалпы турнирлік кестеде үшінші орында келеді.


Бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.