Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
![]() |
|
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,68 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 444, 44 теңге.
Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 74 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 448 теңге.
Ресей рублі 5, 52 - 5, 62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін