«Бұл заң жобасы орны толтырылатын қуат көздерін пайдалану арқылы өндірілген электр және жылу энергиясын өндіру, жалғастыру және сату жұмыстарын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған»,- деді Б.Бекниязов.
Оның айтуынша, заң жобасының мақсаты отынның көмірсутекті түрлерін пайдалану көлемін азайту, күн райының өзгерісіне әсер ету деңгейін төмендету мен қоршаған ортаны қорғау үшін орны толтырылатын қуат көздерін пайдалану мөлшерін ұлғайту болып табылады.
«Заң жобасын қабылдау орны толтырылатын қуат көздерінің энергиясын электр және жылу энергиясына айналдыратын қондырғы салу мәселелерін реттеуге, электр және жылу энергиясын сатып алуға мүмкіндік береді»,- деді департамент төрағасы. «Қазір заң жобасының тұжырымдамасы заң жобасын жасау мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссияда қарау үшін әділет министрлігіне енгізілді. Сондай-ақ жасалған заң жобасы үкіметтің 2007-2009-жылдарға арналған орта мерзімді бағдарламасына енгізілді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті