Қостанай футболшылары түркиялық «Ордуспор» командасымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай футболшылары түркиялық «Ордуспор» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қостанай футболшылары түркиялық «Ордуспор» командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін Түркияның Сиде қаласында жергілікті уақыт бойынша 15:00-де «Тобыл» футбол командасы екінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 347
Фото - Caravan.kz

Қостанайлықтардың қарсыласы Түркия Суперлигасында өнер көрсететін Орду қаласының «Ордуспор» командасы болмақ.

4 қаңтар күні Костанай-Челябинск-Мәскеу бағыты арқылы Түркияға аттанған «Тобылды» бұл жиынға жаңадан тағайындалған бас бапкер Сергей Масленов бастап барды. Сиде қаласындағы «Blue Waters» мейманханасына жайғасқан олар алғашқы жаттығуды 6 қаңтарда бастаған еді. 22 қаңтарға дейін 4 кездесу өткізу жоспарланып отыр. Түркиялықтардан кейінгі қарсыластары Украина мен Ресей командалары болмақ.