Қостанай облысында қазандық жарылған жерде жылуды қайта жіберу жұмыстары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында қазандық жарылған жерде жылуды қайта жіберу жұмыстары аяқталды

Қостанай облысында қазандық жарылған жерде жылуды қайта жіберу жұмыстары аяқталды

Қостанай. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының Денисовка ауылында қазандық жарылған жерде жылуды қайта жіберу жұмыстары аяқталды, деп хабарладйы агенттік тілшісі Денисов аудандық әкімшілігіне сілтеме жасап.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14 қаңтарда Денисовка ауылында бір қазандық жарылды. Соның салдарынан мектеп, балабақша мен көп пәтерлі үй жылусыз қалды. 15 қаңтарда үй мен балабақшаны жылуға қосты. Қостанай облысы әкімінің айтуынша, «апат болған жердегі жылу қамтамасыздығын жазға дейін қырманның қазандығы өз мойнына алады».

«Бүгін жылу трассасын мектепке дейін тартты. Бұл оқу орнын жылытумен шұғылданатын қазандықта қосымша қазандар орнатылды. Жылу қамтамасыздығы толық қалпына келтірілгенше, оқушылар тағы бір апта басқа мектепте оқиды,»-деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті