Араларында Ulysse Nardаn, Frederique Constant, Breguet сынды брендті қолсағаттар да бар көрінеді. Бірақ Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі нақты ақпарат бере алмай өз сөздерінен өздері жаңылып отыр. Алғашында, миллиондаған теңгенің мүлкі тоналды десе, енді небәрі 300 мыңның дүниесі қолды болды дейді. Соңында тіпті, тоналған үйдің департамент бастығына қатысы жоқ деп тайқып шыға келген. Бұл істе Тілеген Мәткеновтың есімі бекер аталған жоқ. Генерал қылмыс жасалған үйді бұрындары жалға алып тұрған екен.