Қостанайда бір пәтерден 9 млн теңгеге жуық ақша ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бір пәтерден 9 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Қостанайда бір пәтерден 9 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Күдікті алтын бұйымдарды да қалтасына басқан

  • 5 Маусым 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Қостанайда бір пәтерден 9 миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдар ұрланды, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа-порталы Халық үніне сілтеме жасап.

Күдікті үй иелері болмаған кезде пәтерге кіріп, 8,9 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап әкеткен. Алайда ол ізін суыта алмады. Қостанай қаласының ПБ қызметкерлері криминалдық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірге күдіктіні анықтап, одан ұрланған қаражат пен алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі.

Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.