Қостанайда боран соғып нысандарды қиратты
Қостанайда қарлы боран соқты. Желдің күштілігі сонша, сауда лашығы мен автобус аялдамасын төңкеріп тастады. |
Қазір еліміздің солтүстік өңірлері күшті циклонның құрсауында тұр. Бүгін ғана Қостанай облысында аяз болып, температура –20 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктер Қостанайда ауа-райының әзірге оңайлмайтынын айтып отыр. Аптаның аяғына қарай минус 10 градус болады деп күтілуде. Сондай-ақ, Астанаға қарай күшті жел бет алған. Соған байланысты, ертең Ақмола облысы аумағында дауыл болатыны ескертіліп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін