Қостанайда Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің көшпелі отырысы өтуде
Бүгін, 8-қыркүйекте Қостанайда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің көшпелі отырысы өтуде. Облыстық ішкі саясат департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, атқару комитетінің ұйымдастырушылық және ағымдағы жұмыстарға арналған алғашқы жұмыс күні жабық есік жағдайында өткізілуде. |
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстық басылымдар мен электрондық БАҚ-тардың редакторларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс ертең, 9-қыркүйекте өтеді.
Д.Назарбаеваның Қостанай облысына екі күндік сапары аясында бірнеше облыстық БАҚ-тар жұмысымен танысу көзделген. Атап айтсақ, өкілдер "Қостанай жаңалықтары" аймақтық газет ұжымымен, мемлекеттік "Қостанай таңы" облыстық газетінің және "Алау" телерадиокомпаниясының өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін