ҚР Бас прокуроры жүргізушілерді даярлайтын оқу орындарын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуроры жүргізушілерді даярлайтын оқу орындарын сынға алды

ҚР Бас прокуроры жүргізушілерді даярлайтын оқу орындарын сынға алды

Жүргізушілерді оқыту сапасыз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

  • 26 Қараша 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Жыл сайын жолдағы апаттардың салдарынан елімізде үш мыңға жуық адам көз жұмады, 25 мыңға тарта адам жарақат алады немесе мүгедек болып қалады. 10 жылда жол апаттарынан 34 мыңға жуық адам қаза болды»,- деді  ол Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

Осы орайда А. Дауылбаев қоғамдық көліктің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары қауіпті болып табылатындығын атап өтті.

«Осы салада Бас прокуратура жүргізген тексеріс күрделі проблемалар мен заң бұзушылақтарды анықтады. Тексеріспен қамтылған оқу орындарының түгеліне жуығында жүргізушілерді сапасыз оқыту фактілері белгілі болды. Олардың көбісі белгіленген талаптарға сай болмай шықты»,-деді Бас прокурор.

Оның сөзіне қарағанда, оқу орындарының үштен бір бөлігі, яғни 552 оқу орнының 189-ы оқытатын жетекшілердің, оқытушылардың және мастерлердің біліктілігіне ең төменгі талаптарды қамтамасыз етпеген. Әрбір жетісіншісінде (75 оқу орны) қажетті құрал-жабдықтар болмады.