Жарияланды: 880

ҚР білім және ғылым қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

ҚР білім және ғылым қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Білім және ғылым саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапаттау туралы Жарлыққа ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

 «Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білімді және ғылымды дамыту республиканың мемлекеттік саясатының  өзгермейтін басымдығы болып табылады және саяси, әлеуметтік және экономикалық ілгерілеудің басты факторы ретінде қарастырылады. Осындай үлкен мереке қарсаңында республиканың білім және ғылым жүйесінің дамуына өздерінің еңбектері мен жігерлерінің арқасында айтарлықтай үлестерін қосқан ғылыми қайраткерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен құттықтау рәсімін өткізудеміз. Құрметті әріптестер, Сіздерді құттықтаймын! Үлкен сәттіліктер мен жетістіктер, денсаулық және бақыт тілеймін!» - деп атап өтті Аслан Сәрінжіпов жоғары наградалар мен атақты тапсыру рәсімінде.

Білім және ғылым қайраткерлері «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен,  «Ерен еңбегі үшiн» медалімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. Сондай-ақ министр ведомстволық және мерейтойлық наградалар мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатын тапсырды.

МОН
МОН

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін