Жарияланды: 640

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде бірқатар ауыс-түйістер жасалды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу мақсатында Медициналық қызметтерге ақу төлеу комитеті мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің өңірлердегі органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Мәселен, Медициналық қызметтерге ақу төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті директорының орынбасары Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне сараптама жасайтын басқарма бастығы қызметіне ауыстырылды. Медициналық қызметтерге ақу төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша Департамент директоры Астана қаласы бойынша Департамент директоры қызметіне ауыстырылды, ал Ақмола облысы бойынша Департамент директорының орынбасары Астана қаласы бойынша Департамент директорының орынбасары болып ауысты. Ал Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің көліктегі департаментінің директоры Ақмола облысы бойынша Мемсанэпидқадағалау департаментінің директоры етіп тағайындалды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында Бесқарағай, Аягөз, Көкпекті, Күршім, Зярын аудандары мен Курчатов қаласы бойынша Мемсанэпидқадағалау басқармаларының 6 бастығына қатысты кадрлық өзгерістер жасалды. Ақтөбе облысының Темір ауданы мен Хромтау қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының басшылары да ауыс-түйістен тыс қалмады. Денсаулық сақтау министрлігінен анықтағандай, кадрларды ауыстыру жұмыстары алдағы уақытта сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүйелерінде жүргізілетін болады. «Ұйымдастырушылық және іскерлік қабілеттерін ескере отырып, негізгі позицияларға жоғары білікті, сауатты, ойы ұшқыр әрі денсаулық сақтау саласында тәжірибесі бар қызметкерлер орналастырылатын болады. Ерекше назар сондай-ақ кадрлар резервін даярлауға бөлініп отыр», - делінген таратылған хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть