Жарияланды: 580

ҚР Елбасы Румыния мемлекет басшысын I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Бүгін, 9-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Румыния мемлекет басшысы Ион Илиескуді I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Румыния президенті Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін марапатталып отыр. ҚР СІМ-нің ақпатарына сәйкес, Қазақстан-Румыния екі жақты қарым-қатынастары энергетика саласында жақсы дамып келеді, нақтырақ айтсақ, екі елдің мұнай компаниялары мұнай және газ өндіру, барлау және өңдеу саласында, сондай-ақ, атом энергиясы саласында өзара тиімді ынтымақтастықтар орнатқан. Мәдени-гуманитарлық салада да байланыстар нығайып келеді. Бұл салада әсіресе ғалымдар арасында тікелей байланыстар орнату, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер алмасуға айрықша мән берілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін