ҚР парламенті сенатының төрағасы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті сенатының төрағасы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады

ҚР парламенті сенатының төрағасы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания делегациясының басшысы Луис Мария де Пуиганы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті болып сайлануына байланысты құттықтады, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құттықтау жеделхатында біздің еліміз Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен көптеген мәселелер бойынша, демократиялық және саяси дамуға қатысты саяси тығыз үнқатысу жүргізіп келе жатқаны, өзара тиімді қарым-қатынастарды тереңдетуге күш-жігерімізді біріктіретініміз аталып өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының жаңадан сайланған Президентінің саяси мол тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен дарыны ұйымның міндеті мен мақсатына қол жеткізуге ықпал ететіне сенетінін, Луис Мария де Пуиганың жаңа қызметі сәтті басталуына тілектестігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті