«Алматы қаласының әкімі мен Алматы облысының әкіміне айырықша өкім қабылданғанға дейін жер телімдерін сатуды тоқтатуды тапсырамын»,- деп мәлім етті. «Прокуратура бұл жер телімдерінің соңғы кездері қалай және қандай ақшаға берілгендігін тексерулері қажет. Мен тексеру қорытындысы бойынша елбасына аталмыш мәселе жөнінде хат жолдаймын»,- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының премьер-министрі.
«Бірқатар компаниялардың жер телімдерін кадастрлық бағамен сатып алып, артынша нарық бағасымен сататындығы ешкімге жасырын емес»,- деді К. Мәсімов. Осыған байланысты үкімет басшысы «Алматы мен Алматы облысындағы болашақта құрылыс салу мүмкіндігі бар барлық коммерциялық жерлерді жуықта құрылған «Жетісу» арнаулы кәсіпкерлік корпорациясына» беруді тапсырды. «Аталмыш арнаулы кәсіпкерлік корпорация ақша тауып, оларды инфрақұрылымдық нысандарға, жылуға, жарыққа, инфрақұрылымдарды дамытуға жібереді»,- деп түсіндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті