«Үкімет басшысы президенттің медициналық кластерлер шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету орталықтарын құруға қатысты тапсырмасының табысты орындалып жатқандығына ризашылығын танытты»,- деп мәлім етті журналистерге берген сұхбатында денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой.
Сонымен қатар, К. Мәсімов олимпиядалық кешеннің, 3,5 мың адамға арналған концерт залының, «Гранд Алатау» тұрғын үй кешенінің және Бөгенбай даңғылындағы көлік айналмысының құрылыс алаңына барып қайтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті