«Елбасы «112» жүйесін Ресей, Еуроодақ елдеріндегідей әрбір азамат қандай да бір туындаған төтенше жағдайларды жалғыз телефон нөмірі арқылы шеше алатын мүмкіндік туғызатындай етіп жасауға тапсырма берген болатын», — деді К. Мәсімов.
«Төтенше жағдайлар министрлігі, осы министрліктің міндеті — бірінші кезекте, біздің азаматтарымызға олардың мемлекет тарапынан қорғала алатынын сезуге көмектесу болып табылады. Қандай төтенше оқиға туса да, біздің еліміздің азаматы ретінде ол қорғауға алынуы керек. Басты міндет — міне осы», — деп атап көрсетті ол.
Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко республикамызда «112» нөмірін енгізу бойынша қажетті шаралар жүгізіліп жатқанын атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті