ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барады

ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасын жариялады.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 478
Фото - Caravan.kz

26-29 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-ші сессиясына осы ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына барады.

Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысы барысында баяндама жасайды, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі саммитке және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын қарауға, сондай-ақ зорлық-зомбылық экстремизмімен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ Бас Ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу жоспарлануда. Сонымен бірге, JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft сияқты және басқа да ірі американдық компаниялар басшыларымен кездесу көзделген. 


Соңғы жаңалықтар