Жарияланды: 500

ҚР СІМ басшысы Белградта Сербия Президентімен және АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесу өткізді

ҚР СІМ басшысы Белградта Сербия Президентімен және АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесу өткізді

Белградта ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,

оның ішінде Сербия Президенті Томислав Николич, ЕҚЫҰ қазіргі басшысы - Сербияның сыртқы істер министрі Ивица Дачич, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри, ГФР сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер және Венгрия, Италия, Канада, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония, Лихтенштейн, Сан-Марино, Тәжікстан, Түркия, Швецияны қоса алғанда, бірқатар елдердегі әріптестермен кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

 Президент Т. Николичпен кездесу барысында 2015 жылғы тамызда  Сербия басшысының Қазақстанға ресми сапарының нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Т. Николич екі ел арасындағы саяси диалогты дамыту серпінін жоғары бағалады. Оның ішінде тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне  жоғары баға берді.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары ұйымның бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесу барысында талқыланды. Олар бір жыл бұрын кеңсенің жаңа мандатын қабылдағанын есепке алып, кетіп бара жатқан жылдағы  бірлескен жобаларды іске асыру бойынша Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің тиімді жұмысына тоқталды. Қазақстандағы ЕҚЫҰ болуы мұндай бейімдеуге оң мысал болатыны атап өтілді.

Е. Ыдырысовтың Демократиялық институт және адам құқықтары бюросының директоры М. Линкпен кездесуі барысында ҚР ЕҚЫҰ осы органымен өзара іс-әрекетінің жай-күйі мен перспективалары қаралды. Мемлекет дамуының нақты шындықтары мен ерекшеліктерін есепке алу қағидаттарында оны іске асырудың өзара мүдделілігі сөз болды.

Идрисов
Идрисов
Идрисов
Идрисов

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін