ҚР СІМ-де Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ-де Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді

ҚР СІМ-де Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді

Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосынан Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

  • 28 Желтоқсан 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі сәтте бізде осы жылғы 20 желтоқсанда Медине қаласынан Қазақстанның үш азаматын ұстағаны туралы ақпарат бар. Олар — Медине қаласындағы Ислам университетінің студенттері. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы біздің Елшілік оларды ұстау себептерін анықтауда. Бұдан кейін оларға мұндай жағдайларда консулдық-құқықтық  қажетті көмек көрсетіледі.

БАҚ-та айтылған басқа екі қазақстандықты ұсталғаны туралы бізде Сауд билігінен келген ресми хабарлама жоқ», — деп хабарлады ҚазАқпаратқа  ҚР СІМ баспасөз хатшысы  Әнуар Жайнақов.


Бұл ақпарат қазір дипломатиялық арналар бойынша тексерілуде.