Жарияланды: 1400

ҚР сыртқы істер министрі ЮНЕСКО-ның атқарушы директорымен жүздесті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин Францияға сапары барысында Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде болып, аталмыш ұйымның атқарушы директоры Коичиро Мацууромен кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Сыртқы істер басшысы Қазақстан мен Юнеско серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашақтағы бағыттары жайында және мәдениет, ғылым және білім саласындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейде даму үстінде екендігін айтты. Юнеско басшысы мәдени және тарихи мұраларды ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде қорғауда Қазақстанға жоғары баға берді. 1992 жылдың 22 мамырында Юнеско құрамына кіргеннен бастап Қазақстан аталмыш ұйыммен ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Осы уақыт аралығында еліміз Юнеско аясында қабылданған он бір халықаралық конвенцияларының мүшесі болды. 2006 жылы Астанада ҚР үкіметімен Юнеско арасында білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларында серіктестік меморандумына қол қойылды. Екі жақты мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық та байланыстыруда. 2003 жылдың маусым - шілде айларында Қазақстан Республикасы және тарихи орындармен ескерткіштерді қорғау жөніндегі Халықаралық Кеңестің (ICOMOS) ұсынысы бойынша өткен Юнесконың бүкіләлемдік мұра комитетінің 27 сессиясында Қожа Ахмет Яссауй кесенесі Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енген болатын. 2004 ж. Қытайда өткен 28 сессияда Тамғалы археологиялық петроглифтері мәдени ескерткіші аталған тізімге енді. 2008 жылы Квебекте өткен Бүкіләлемдік Мұралар Комитетінің 32 сессиясында аты аталған тізімге Орталық Азия бойынша алғашқы табиғи нысан ретінде "Сары-Арқа - Солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтықтары" атты нысанды қабылдады. Қазақстан Юнеско қатынастарында 2001 жылдың 27 тамызда ежелгі Отырар қалашығының археологиялық қазу жұмыстары жөніндегі "Әрекеттер жоспарына" қол қойылуы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. 2005 жылы 24 мамыр -1 - маусым аралығында Юнесконың мәдени саясат және мәдениетаралық диалогы басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Мәдени әртүрлілік және Орталық Азия диалогы" Фестивалі үлкен сәттілікпен өтті. Шара аясында қазақ киносы кеші ұйымдастырылып онда Отырар қаласы жайлы деректі фильм мен "Шиза" көркем фильмдері көрсетілді. Юнесконың "Әлем естеліктері" атты Бүкіләлемдік құжаттық мұралар тізіміне қожа Ахмет Яссауйдың қолжазбаларымен халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының мұрағаттық деректері енді. Аталмыш ұйым Қазақстанның мәдени құндылықтарымен жетістіктерін және мәдени қайраткерлер еңбегін әлем қауымдастығына жеткізу және тарату жолында тиімді құрал болып табылады. Қазақстан және басқа да Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық аясында бұл ұйым біраз жылдар бойы Арал теңізі мәселесін шешуде де маңызды роль атқаруда. Ғылым саласында мемлекетімізбен Юнеско "Адам және биосфера", "Халықаралық гидрологиялық бағдарлама" және "Халықаралық геоғылым бағдарламасы" сынды үш ғаламдық бағдарлама бойынша жұмыстар атқаруда. Ұйым құзырында Қазақстандық аймақтық және ұлттық жобалардың жүзеге асырылуы серіктестіктің маңыздылығын арттыра түсуде. 2008 жылы маусым айында өткен Юнесконың Халықаралық Гидрологиялық бағдарламасының үкіметаралық кеңесінің 18 сессиясы Қазақстанның Юнеско аясында Алматыда мұздықтардың жерасты суларына әсерімен ғаламдық климат өзгерісі жағдайында өзгеруін зерттеуге арналған аймақтық гляциологиялық орталық құру идеясын бірауыздан қолдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть