«Бізге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде заңынын қажеттілігі жөнінде мәселесін қарастыру туралы тапсырмасын беріп отырмын», — деді К. Мәсімов.
«Менің пікірімше, біздерге мұндай заң қажет, егер біз осындай шешімді қабылдайтын болсақ, онда депутаттарды бұл мәселеде біздерді қолдауын сұраймыз «, — деп жалғастырды ол өз сөзін.
«Түрлі бағалардың ауысуынан біздің тұрғындарымыздың зардап шегуіне жол бермейміз «, — деді заң жобасын дайындау қажеттігін айтқан премьер-министр.
«Біз елдің ішкі нарығында бірінші кезекте қажетті өнімдер мен тауарларды өндіріп, оны толық қамтамасыз ету арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деңгейге жеткізуіміз қажет. Біз тұрғындарға негізгі азық- түлікті өздеріміз шығара алатын жағдайымыздың барына кепілдік беріп, сенімді болуымыз керек», — деп атап өтті үкімет басшысы.
«2007 жылы бидайдың тұрақты қорын құру тәжірибесіне қарап, басқа азық-түлік түрлерінің қорларын құрудық қажеттілігі бар сияқты», — деп қорытындылады К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті