ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қаулыны қабылдады
![]() |
ҚР Үкімет 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы қаулыны қабылдады. |
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №985
2015 жылғы 10 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін