ҚР Ұлттық банкінде валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланды
![]() |
Ағымдағы аптада ҚР Ұлттық Банкінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның, ірі екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің |
және «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасының экономикасын кредиттеу мәселелері бойынша жұмыс тобының бірқатар кездесулері өтті.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесулер барысында валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде қаражатты игеру, өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты бағамдық айырманы өтеу шеңберінде шаралар қабылдау мәселелері талқыланды.
Кездесулердің нәтижелері бойынша жұмыс тобы тиісті ұсыныстар жасайтын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін