Баспасөз қызметінің қызметкерлері қылмыскерді ұстау туралы толық хабар берген жоқ. Бірақ, ақпарат көзінен агенттік тілшісіне Сайрам ауданының тұрғыны Сахиджан Пратов Ташкентте, өзінің туыстарында бой тасалап жатқан жерінде ұсталғандығы белгілі болды. Ұстау шарасы өзбекстандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізілген. Ақпарат көзінің айтуынша, Пратов «жедел қызметкерлерді көргенде таң қалғандығы сонша» ешқандай қарсылық көрсетпеген.
Бұрын хабарлағанымыздай, 36 жасар С. Пратов үстіміздегі жылдың қаңтарында 18 килогарммдай шикі опия сақтағаны үшін ұсталған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторына қамалған болатын. Ол 4-наурызда шаруашылық жұмыстарын атқару үстінде департамент аумағынан қашып кеткен. Оның жүрген жері туралы хабар берген адамға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті