ҚР Жоғарғы соты кадрлық резервке қабылдаудың жас шектеуін енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы соты кадрлық резервке қабылдаудың жас шектеуін енгізді

ҚР Жоғарғы соты кадрлық резервке қабылдаудың жас шектеуін енгізді

ҚР Жоғарғы соты кадрлық резервке қабылдаудың жас шектеуін енгізді. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті.

  • 2 Қазан 2015
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Жас шектеуіне қатысты айтарым, біз бұған әдейі бардық. Өйткені, бұл Жоғарғы сот. Дайындығы қандай болса да, жасы келген соң 3 немесе 5 жылдан кейін ол кетуі тиіс. Оның шекті мерзімі келеді. 3-4 жыл жұмыс істегеннен кейін біз оны шығарып саламыз. Жоғарғы сотқа кемінде 10-15 жыл жұмыс істеуі үшін болашағы зор адамдар келуі қажет. Олар 5-7 жылдан кейін корифейге айналуы қажет. Оны бәрі құрметтеуі тиіс», — деп атап өтті жиын барысында Қ.Мәми.

Отырыс барысында Жоғарғы соттың кадрлық резервінің тізімі бекітілді. Қ.Мәмидің атап өтуінше, бұған дейінгі облыстық сотта 5 жыл жұмыс істеуі тиістігі туралы міндетті талап заңнамаға сай келмейтін болады. Сол себепті кандидаттарды резервке алу барысында судьялардың  жалпы жұмыс өтілі 10 жыл болуы басты қаперге алынды.


Соңғы жаңалықтар