ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ресейлік Петр орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ресейлік  Петр орденімен марапатталды

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ресейлік Петр орденімен марапатталды

АСТАНА. 17 сәуір. Kazakhstan Today. ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми ресейлік Петр орденімен марапатталды. Бұл туралы агенттіке ҚР ЖС баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Ресей мен Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын нығайтуыға қосқан айтарлықтай жеке үлесі үшін Қ.Мәми Ұлы Петр ленталы орденімен марапатталды»,-деп хабарлады ҚР ЖС баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, орден Қ.Мәмиге Қауіпсіздік, Қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері Академиясында тапсырылды. Ол Академияға оқу орнының жетекшісі Виктор Шевченконың шақыруымен барған. Әңгіме барысында В.Шевченко мырза академияның Қазақстандағы филиалы арқылы ҚР қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынас жақсарды деді.

Орденді қабылдап алу кезінде Қ.Мәми мырза академия мүшелерін өзінің еңбегін осылайша жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, алдағы қызметі кезінде де достық пен тату көршлік принциптеріне сүйене беретінін айтты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті