ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды

Айдар Рысқұлов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

  • 11 Қыркүйек 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір Айдар Қайратұлы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. Осыдан төрт жыл бұрын ол "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Рысқұлов Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген, сондай-ақ Назарбаев университетінің МВА магистрі дәрежесіне ие. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ, АТФ банкінде, ЦентрКредит банкінде, Халық банкінде, "ҚазАгро "ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ-да жұмыс істеген. Қорда жеті жыл бойы Рысқұлов қаржылық активтерді басқару жөніндегі директор, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.