ҚТЖ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының билеттеріне 40 пайыз жеңілдік енгізді
![]() |
ҚТЖ еншілесі «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының билеттерін жеңілдікпен сата бастады. |
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйектің 17-сінен бастап Алматы-2 – Астана, Алматы-2 – Петропавл, Астана – Шымкент, Астана – Қызылорда, Астана – Защита, Алматы-2 – Защита, Алматы-2 – Атырау, Астана – Ақтөбе, Астана – Атырау, Алматы-2 – Шымкент, Алматы-2 – Ақтөбе бағыттары бойынша қатынайтын пойыздардың «Турист», «Бизнес» және «Гранд» класындағы вагондарының билеттері 40 пайыз жеңілдікпен сатылады.
Сонымен қатар, жасы 60-тан асқан қарттарға 30 пайыз, жасы 16 мен 25 аралығындағы жастарға 30 пайыз, тұрақты клиенттерге 10-20 пайыз жеңілдік беретін дисконттық карталар да күшін жоймайды. Сонымен, дисконттық картасы бар жолаушы жүрдек пойыздың билетін 70 пайызға дейін жеңілдікпен сатып ала алады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін