Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

 

  • 11 Қаңтар 2024
  • 15
Фото - Caravan.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті К. Бишимбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", — делінген ведомствоның Tengrinews.kz редакциясына берген ресми жауабында.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.