«Құдай сездірген»: Айуандықпен өлтірілген 5 жасар Еркежанның соңғы туған күнінде мұңайып тұрған сәті тарады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Құдай сездірген»: Айуандықпен өлтірілген 5 жасар Еркежанның соңғы туған күнінде мұңайып тұрған сәті тарады (ВИДЕО)

«Құдай сездірген»: Айуандықпен өлтірілген 5 жасар Еркежанның соңғы туған күнінде мұңайып тұрған сәті тарады (ВИДЕО)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қызды зорлауға қатысты жаға ұстатарлық жағдай барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып кетті.

  • 18 Шiлде 2023
  • 9317
Фото - Caravan.kz

Желіде 5 жасар Еркежанның соңғы туған күнінен видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Көршісінің қолынан азап көріп қайтыс болған Еркежанның туған күнін соңғы рет атап өткен сәтінен видео тарады. Бауырлар, ата-әжесі Еркежанға ізгі тілектерін айтып дастархан басында отыр.

Еркежанның өзі болса ауырыңқырап тұрған сыңайлы. Ол үнсіз, күліп қана тілек айтқандарға жымиып отыр.

Көпшілік балақайдың соңғы туған күні екенін сезген деген болжам айтуда. Олар:


«Жаның жанатта болсын періште, кеш, бағаламадық», «Үлкен кісі сияқты мұңайып тұрған қарашы, құдай сездірген», «Алла періштені өз панасына ала гөр» деп жазды олар.