Құлыбаев пен Мұхамедиұлына еліміздің атақты балуандары хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлыбаев пен Мұхамедиұлына еліміздің атақты балуандары хат жолдады

Құлыбаев пен Мұхамедиұлына еліміздің атақты балуандары хат жолдады

Грек-рим күресі мен еркін күрестің бес бірдей өкілі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевқа және Қазақстан Күрес федерациясының басшысы Сауат Мыңбаевқа хат жолдады.

  • 24 Қазан 2016
  • 13026
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Биліктегі азаматтарға үндеу жазып, қол қойғандар мыналар: 1980 жылғы олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, олимпиадалардың күміс жүлдегерлері Дәулет Тұрлыханов пен Ислам Байрамуков, сондай-ақ, қола жүлдегерлер Әсет Мәмбетов пен Даниял Гаджиев.

«Біз, еліміздің күресінің дамуына талай жылын арнаған адамдар, осы хатты жазуды жөн көрдік. Өйткені сілікпеңді шығаратын жаттығулар мен көптеген жарыстардағы аса ауыр белдесулер кезінде жинаған кәсіби біліміміз бен тәжірибемізді бөліскіміз келеді» делінген үндеуде.

Атақты балуандардың ойынша, өткен олимпиадалардың нәтижелерін саралайтын, кәсіби спортшылардың, жаттықтырушылар мен мамандардың пікірін ескере отырып, жас спортшыларды дайындау, іріктеу және тәрбиелеу жүйесіне өзгеріс енгізетін, федерецияны да өзгертетін, алдағы олимпиадаға стратегия мен әдістер әзірлейтін кез келді. Олар күрес саласын басқарып отырғандардан спорттың осы түрінде қалыптасқан түйткілдерді БАҚ-та талқылайтын ашық диалог ұйымдастыруды сұрайды.

Ислам Байрамуков бұл үндеуді не үшін жолдағандарын Caravan.kz тілшісіне түсіндіріп берді. «Біздің күрес саласында бар түйткілдерді алаңсыз отырып, кәсіби тұрғыда талқылап, соларды бар күшімізді салып шешкіміз келеді. Біздің бар қалауымыз – қазақ күресін жетістіктерге жеткізіп, жандандыра түсу» дейді ол    


Соңғы жаңалықтар