WISE J132934 + 224327.3 аталған галактика гравитациялық линза әдісімен ашылды. Яғни, жұлдыздар немесе галактикалардың массивті шоғыры өзінің тартылыс күші арқылы электромагниттік сәуленің бағытын өзгертеді.
«Телескоп ролін атқаратын гравитациялық линза арқылы галактика бізге 11 есе жарық әрі ірі болып көрінеді.*Эйнштейн сақинасындағы суретте ол кластердің тығыз бөлігінің айналасындағы бірнеше ноқат түрінде шығады», — дейді зерттеу авторларының бірі Анастасио Диас-Санчес.
Ғалымдардың айтуынша, галактиканың аса жарықтығы онда жұлдыз пайда болу жылдамдығының аса жоғары екенін (жылына 500-ден 2000 күн массасына дейін) көрсетеді. Мамандар енді жаңа галактиканың молекулалық құрамын зерттеумен айналыспақ.
*Эйнштейін сақинасы деп линза ролін атқаратын массивті нысан электромагнитті сәуленің бағытын өзгерткен кезде пайда болатын оптикалық құбылысты айтады. Егер бақылаудағы нысан мен линза бір сызықтың бойында болса, онда айналып бара жатқан жарықтың суреті туады.