Жарияланды: 540

Құжаттарды рәсімдеу электронды түрде жүзеге асады

Құжаттарды рәсімдеу электронды түрде жүзеге асады

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекет болуы кәсіпкерлерге бірқатар қосымша міндет жүктейді. Бір ғана мысал, ендігі жерде құжаттарды рәсімдеу электронды шот фактура мен электронды қолтаңба арқылы жүзеге асуы тиіс. Жаңа жағдайда жұмыстың тиімділігін арттыра түсу үшін не істеу керек? Мәселен, Орал

өңірінде сыртқы экономикалық байланысты нығайтуға қабілетті 120 іргелі кәсіпорын бар. Олардың дені көмірсутек шикізатын экспорттау, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау және азық-түлік тауарларын өндіру бағытында жұмыстанады. Импортталатын тауар түрлері де аз емес. Сондықтан бизнес өкілдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымымен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде талап етілетін шарттар жөнінде нақты білімі болуы тиіс,- дейді сарапшылар. Эльмира Өтешева, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы: - Бұның пайдалы тұсы – біздің кәсіпкерлер сыртқы нарық экономикасына қатысады. Тауарларын сыртқы нарық экономикасына алып шығуға үлкен мүмкіндік алады. Шет мемлекеттерден тауарларды кіргізген уақытта азайтылған импорттық кеден салығымен рәсімдеуге мүмкіншілік туып тұр. Әлия Нығыметова, «Жайықмұнай» ЖШС бухгалтері: - Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы бізді қуантады. Болашақта сыртқы экономикалық саладағы байланыстарымыздың кеңи түсеріне сенім мол. Біз ірі компания ретінде сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігіне ие боламыз әрі одан жоғары нәтиже күтетініміз де рас.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін