Қымбат көлік пен ішімдік, 10 пәтер: Қазақстанда қандай мүліктерге сән-салтанат салығы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қымбат көлік пен ішімдік, 10 пәтер: Қазақстанда қандай мүліктерге сән-салтанат салығы салынады

Қымбат көлік пен ішімдік, 10 пәтер: Қазақстанда қандай мүліктерге сән-салтанат салығы салынады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров брифинг барысында сән-салтанат салығы қалай есептелетіні және қандай мүліктерге салынатыны туралы айтты.

  • 19 Қыркүйек 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

Қуантыров қымбат көліктер, яхталар мен жеке ұшақтарға салық салынатынын мәлімдеді.

"Бұған дейін қазақстандықтардың иелігіндегі яхта, ұшақтар мен қымбат көліктер жайлы есепті ұсындық. Сән-салтанат салығы осы мүліктерге салынады", – деді ол.

Министрдің пайымдауынша салық қымбат ішімдік үшін де салынады, ал акцизі бірнеше есеге өсуі мүмкін.

"Мысалы, 10 жыл сақталған Macallan ішімдігінің қазіргі бағасы 7 миллион теңге. Акцизінің құны 700 теңге, біз мұны 10 есеге көбейтіп, ішімдік бағасының тағы 10%-ын қосамыз. Сән-салтанат салығы халықтың белгілі бір бөлігіне ғана салынады", – деп қосты ол.

Сонымен қатар салық мөлшері нысанның құнына байланысты болады екен. Егер азаматтың меншігінде әрқайсы 50 шаршы метрлік 10 пәтері болса, әр пәтер үшін жыл сайын 10 мың теңге салық төлейді екен. Салық органдары нысандарды есепке алады, нәтижесінде салық мөлшері жылына 100 мың теңге болмақ.


"Біздің қазір ұстанатын бағытымыз келесідей: барлық нысанды қосқанда құны жоғары болса, салық та көбейеді. Бір адамда құны 100 миллион болатын 10 нысан болса, онда ол, шамамен, 400 мың теңге салық төлейді. Сәйкесінше салық көлемі 4 есеге өседі", – деп түсіндірді Қуантыров.

Соңғы жаңалықтар