Қырғыз шенеуніктері әр сейсенбі сайын радио арқылы премьер-министрдің сөзін тыңдауға міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз шенеуніктері әр сейсенбі сайын радио арқылы премьер-министрдің сөзін тыңдауға міндеттелді

Қырғыз шенеуніктері әр сейсенбі сайын радио арқылы премьер-министрдің сөзін тыңдауға міндеттелді

Қырғыз шенеуніктері әр сейсенбі сайын таңғы «Биринчи радио» эфирінен ел премьер-министрі Темир Сариевтің сөзін тыңдауға міндеттелді.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары Мұрат Мұқамбетов осындай нұсқауды ведомстволарға және облыстық әкімшіліктерге жолдады, деп хабарлайды осы елдегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қырғыз Үкіметінен мәлімдегендей, министрліктер қызметкерлері премьер-министрдің сөзін ұлттық радио эфирінен тыңдауы керек. Ол әр сейсенбі сайын таңертеңгі 9-10 аралығында сөз сөйлейді.

Білім министрлігі бұл жаңашылдықты мәселе туындай қалған сәтте жедел әрекет ету үшін қажет шара деп білетінін мәсімдеді.

«Премьер тікелей эфирде халықпен тілдесіп отырады, қандай да бір шағым түссе, ол тиісті органға осы мәселені шешу туралы тапсырма береді. Сол себепті біз үкімет басшысының тапсырмаларын радио арқылы тыңдап отыруымыз керек. Бұл бірінші кезекте баспасөз қызметкерлері мен басшыларға қатысты тапсырма», — деп хабарлады ведомстводан.